Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясы Бастауыш партия ұйымдарының  I өңірлік форумы өтті

Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясы Бастауыш партия ұйымдарының I өңірлік форумы өтті

Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясы Бастауыш партия ұйымдарының  I өңірлік форумы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі партияның Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумға «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы, Абай облыстық мәслихатының төрағасы Қ. С. Сүлейменов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Н. О. Әбдікәрімов, облыстық БПҰ төрағалары, партия мүшелері қатысты.

Бүгінде бастауыш партия ұйымдары партияның іргетасына, басты күшіне айналды. Олардың жұмысы партиямыздың жеңістері мен жетістіктеріне негіз болуда.

Форумда Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясы бастауыш партия ұйымдарының алдына қойылған міндеттер мен мақсаттар туралы айтылып, өңірлердегі БПҰ жұмысы тыңдалады.

«AMANAT» партиясы қатарына жаңадан қабылданатын партия мүшелеріне партиялық билеттер мен төсбелгілер табысталды.

Сондай-ақ облыстық партия филиалының төрағасы Қ.С.Сүлейменов белсенді БПҰ төрағаларын, партия белсенділерін Алғыс хаттармен марапаттады.


#АМАНАТ партиясы, #форум