«AS TAL» коктейлінің құрамына өзгеріс енгізілді
Ұлттық өнімдер өндіретін «ADAL AS» команиясының «AS TAL» коктейлі денсаулыққа пайдалы болғандығымен көпшілік арасында танымалдыққа ие болды. Бүгінде коктейльді қолданушылар қатары көбейді. Оған өнімнің елімізбен қатар, шетелде кеңінен саудалануы дәлел.
Естеріңізде болса, бұған дейін «AS TAL» коктейлінің мұхит асқаны туралы жазған болатынбыз.
Бүгінде денсаулығына немқұрайлы қарамайтындар қатары арта түсуде. Бұл әрине, қуанарлық жағдай. Өйткені, дені саудың – жаны сау. Тұтынушыларының ұсыныс-пікірлерін үнемі назарда ұстайтын компания басшылығы бұл жолы көпшіліктің ұсынысымен коктейльге ЧИА тұқымын қосты.

Бұл туралы компания өкілі Саян Ахмеджан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. (https://www.instagram.com/reel/DEzKPzGO6T6/?igsh=MXFpMG5oYnp5cmliYg==)
Қаптамасы өзгерген жоқ. ЧИА тұқымы ыстық суда өсетіндіктен, коктейль шамалы қоюлана түсті. Ал салқын суда қалыпты жағдайда қалды. Дәмінде аса көп өзгеріс жоқ. Сол дәмді қалпында. Дегенмен жұмсақ. Ары қарай тамақ өнеркәсібі зертханасына жібереміз. Бұл ретте әркімнің талғауына қарай екені сөзсіз,-деді ол.
Чиа тұқымы туралы қысқаша ақпарат:
Ол қара және ақ болып келеді. Чиа Мексика, Гватемала сынды елдерде өсіріледі. Ұзақ уақыт бойы өсіруге арналған өнім. Чиа тұқымдары омега-3 май қышқылдары мен кальций, магнийд, фосфор және калийдің сондай-ақ күшті антиоксиданттар мен диеталық талшықтардың көзі. Әсіресе дұрыс тамақтануды қолдайтын жандар күнделікті рационына қосып, тұтынады.Азық-түлік өндірушілері дәнді дақылдарға, нан өнімдеріне, жеміс шырындарына және йогуртқа қосуды қолға алды.
«ADAL AS» команиясының басшылығы ЧИА тұқымын «AS TAL» коктейліне қосты.
Жалпы «AS TAL» өнімі туралы қысқаша тоқталып өтсек,
Тамақты алмастырады. Оны ішкеннен кейін адам тоқ жүреді.
Құрамында ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдар бар.
Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
Ас қорытуға септігін тигізеді.
Ағзаны токсиндерден тазартады.
Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
Қан қысымын реттейді.
#Семей, #Абай облысы, #Ас ТаL, #Адал Ас