Астанада алғашқы LRT вагондары рельске қойылды

Астанада алғашқы LRT вагондары рельске қойылды

Астанада алғашқы жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамдары рельске қойылды, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

LRT туралы алғаш рет 2005 жылы айтылған болатын. 20 жылдан кейін алғашқы вагондар Астанаға жеткізіліп, рельске қойылды.

Әр құрам төрт вагоннан тұрады. Олар Қытайдың Таншань қаласында өндірілген.

Екі құрам арнайы жабдықталған автотрайлерлермен жеткізілді.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Бұған дейін құрамдарды өндіруде жолаушылардың қозғалыс және акустикалық жайлылығын қамтамасыз ету үшін заманауи жеңіл әрі берік материалдар қолданылғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, 9 маусымда елордаға жеңіл рельсті көліктің (LRT) алғашқы құрамдары жеткізілді.


#Астана