Өскемен қаласында селфи жасамақ болған 33 жастағы әйел көпірден құлап кетті.

Өскемен қаласында селфи жасамақ болған 33 жастағы әйел көпірден құлап кетті.

Өскемен қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасы үшін әдемі сурет түсіргісі келіп, көпірден суға құлап кеткен,-деп хабарлайды abaidan.kz ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға 5 тамыз күні сағат 22.30 шамасында Крылов көшесінде болды. Полицейлер мен құтқарушыларға Үлбі өзені арқылы өтетін көпірден қыздың құлап кеткені туралы хабар түсті. Алайда мамандандырылған қызметтер келгенге дейін 33 жастағы әйел өз күшімен жағалауға шыққан», - делінген ақпаратта.

Әйел адамның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тәртіп сақшылары оны дәрігерлерге тапсырды.

Осы ретте, полиция департаментінің қызметкерлері халыққа қауіпті жерлерде селфи жасамау қажеттігі туралы ескертеді.


#Оқыс оқиға, #ШҚО