Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті
Астанадағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысты.
Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парадта халық қаһармандары, соғыс батырларының ұрпақтары мен қазақстандық ғарышкерлер құрметті қонақ болды.
#ҚР Президенті, #Астана, #Ұлы Жеңіске 80 жыл