Атаулы әлеуметтік көмек деген не және оны қалай алуға болады
2025 жылғы 26 қарашада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек жайлы жаңартылған статистиканы ұсынды, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сілтеме жасап.
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 53 мың отбасындағы 285,1 мың адамға 27,1 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 88,8 мың балаға 3,4 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
"Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады",- делінген ақпаратта.
#әлеуметтік төлем, #Атаулы әлеуметтік көмек