Биыл өңірде атаулы әлеуметтік көмекті төлеу 6 150 отбасына қарастырылған

Биыл өңірде атаулы әлеуметтік көмекті төлеу 6 150 отбасына қарастырылған

Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек   өңірлік коммуникициялар қызметінде өткен брифингте жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2024 жылдың  I жартыжылдығында атқарған жұмысының қорытындысы туралы баяндады.
 

Спикердің мәлімдеуінше басқарманың 2024 жылға бекітілген бюджеті - 24 млн. теңгені құрайды.

Биыл өңірде атаулы әлеуметтік көмекті төлеу 6 150 отбасына қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмек 3 175 отбасына төленген.

- Облыста 841 төсек-орындық 5 облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және 150 орындық 1 оңалту орталығы жұмыс істейді. Қалалар мен аудандарда 5 мың адамды қамтитын 13 аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi, оларда 34 бөлiмше бар, олар үйде күтiм жасау жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетедi, 9 күн болады, - деді басқарма басшысы.


#әлеуметтік қызметтер, #әлеуметтік төлем