Елімізде тұңғыш рет І халықаралық медиа және туризм форумы өтті

Елімізде тұңғыш рет І халықаралық медиа және туризм форумы өтті

Шілденің 21-22 -і күндеріАлматы облысының орталығы Қонаев қаласында Қазақстандағы туризм, медиа, PR, синтетикалық медиа тақырыбында І Халықаралық медиа және туризм форумы өтті. Шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, Солтүстік Кипр Түркия республикасы, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан сынды мемлекеттерден 200-ден астам адам қатысты. Шара мемлекеттік тілде өтті. 

Форумның мақсаты - медиа және туризм саласындағы жаңа үдерістерді ескере отырып, тәжірибе алмасу, ақпарат алмасу кеңістігін кеңейту, өзара тиімді ортақ жобаларды жүзеге асыру, Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, журналистер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланысты нығайту.

Форумның салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, туризмді дамытуда БАҚ-ның маңызы зор екенін айтты. Облыс әкімінің сөзінше, туризм индустриясы БАҚ-мен, ал қазіргі заманда жаңа медиалар – әлеуметтік желілермен тығыз байланысты.Сонымен қатар ол туризмдегі инфрақұрылым, қызмет сапасын көтеру сынды мәселелерге де тоқталды. Айтуынша, бұл мәселелерді шешу бағытында Үкіметтің қолдауы да жоқ емес.

Халықаралық медиа форумның ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы келіп, форумға қатысушыларды құттықтады. 

Шараның ұйымдастырушысы, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы әлемдік туризмнің пандемиядан кейін дамығанын тілге тиек етіп, былтырғы кіріс 1 трлн АҚШ долларына жеткенін атап өтті.

 

 

Сондай-ақ, биылғы тамызда Алматы облысында Анталиядан келетін журналистердің қатысуымен бұл жерде тағы да ауқымды шара өтетіндігіне тоқталды. Айтуынша, онда туризмді дамыту, инвестиция тарту секілді мәселелер қарастырылатын болады. Қор Президенті шетелге шығудың жақсы екенін, алайда Қазақстанда да көрікті жерлердің көптігін, оларды әлеуметтік желіде насихаттап, ішкі туризмді дамытуға шақыратынын айтты. 

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkicspeakingjournalists #turkdilikonusangazetecilervakfi

#ФорумАлматы#Шарын #Көлсай#almatyregion #almatyregion2023 #regionofalmaty2023 #almatyobl

#tourismforumkazakhstan #Ақпаратминистрлігі #МКС #Qazaqtourizm #qazaqbitum #Almatyzhastary #medcom #AltynJulduz #GS #сәттіжұлдыз #sattizhuldyz


#БАҚ, #Түркітілдес журналистер қоры, #медиа форум