Еңбек қауіпсіздігі –

Еңбек қауіпсіздігі – "ADAL AS" компаниясының басты құндылығы

"ADAL AS" компаниясы өз қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтауды басты басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Осы орайда, компания жұмысшыларына «Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеру» куәліктері табысталды.

Бұл куәлік – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын толық меңгеріп, өндірістік ортада кездесетін түрлі қауіптерге дайын екендігін дәлелдейтін маңызды құжат. 

Компанияда еңбек қауіпсіздігіне қатысты жүйелі оқыту, нұсқаулық өткізу және тәуекелдерді басқару шаралары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Жұмысшыларға алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

"ADAL AS"  компаниясы басшылығының айтуынша, қауіпсіздікке инвестиция — адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға салынған ең маңызды инвестиция. 

«Біз үшін әр қызметкердің амандығы – табысқа жетудің негізі. Қауіпсіз еңбек – тиімді және сапалы жұмысқа бастар жол» – дейді компанияның HR директоры Рысгүл Мадвасова.  

Алдағы уақытта компанияда қауіпсіздік мәдениетін одан әрі нығайту, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық стандарттарға сәйкестік бағытында жұмыстар жалғасатын болады.


#Семей, #Абай облысы, #Адал Ас