"ADAL AS" компаниясының жұмысшылары партия қатарына қабылданды

Ұлттық өнімдер өндіретін "ADAL AS"  компаниясында «Respublica» Партиясы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы -Алмас Айтмұқаш, Абай облыстық мәслихатының депутаты -Арман Ахметқанов пен Семей қалалық мәслихатының депутаты Асқар Абдуллин болды. Биыл ұлттық өнімдер өндірумен елімізге кеңінен танымал компанияға - 15 жыл! Өндірістік компанияның мақсаты - жасанды қоспасыз экологиялық таза өнімнен ұлттық тағамдарды өндіру. Ұлттық тағамның құндылығы мен құнарлылығын халыққа насихаттау, сапасын арттыру. Компанияда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де баса мән беріледі. Жұмысшылардың еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.

Кездесу барысында қонақтар партияның қызметі, ұстанған бағыты туралы айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Компания қызметкерлері депутаттарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауап алды.  Соңында ұйым мүшелеріне партия билеттері табыс етілді.

 


#Семей, #Абай облысы, #Адал Ас