Футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Осы маусымда QFL премьер-лигасында өнер көрсететін «Елімай» футбол командасы және «Семей» футзал командасы акцияға өз үлесін қосты. Орталық саябаққа 30-дан астам шырша көшеттерін отырғызды. Акцияға Семей қаласының әкімі, футбол әуесқойлары мен шаһар тұрғындары қатысты.,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру. Акцияға футболшылармен бірге қатысқан қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семейде жасыл желек егу жалғасатынын атап өтті. «Елімай» футбол командасының капитаны Еркебұлан Нұрғалиев спортшылардың эко-акцияға белсенді қатысқанын атап өтті.

«Біз Президенттің «Таза Қазақстан» акциясын өткізу туралы бастамасын қолдаймыз. Қазір біз бос уақытымызда жиі баратын саябаққа 2 метрлік шырша көшеттерін отырғызып жатырмыз. Біз Семейдің командасы болғандықтан, қаланың дамуына белсенді үлес қосамыз», - деді капитан.


#Абай облысы, #"Таза Қазақстан" акциясы