Ғаламтор мен оқушы: Қазақстанда ата-аналардың небәрі 15%-і баласына бақылау жасайды

Ғаламтор мен оқушы: Қазақстанда ата-аналардың небәрі 15%-і баласына бақылау жасайды

Сауалнамаға қатысқандардың 38,7%-і гаджет пен смартфондағы бақылау туралы мүлдем естімеген болып шықты

Қазақстандық оқушылардың сабақтан гөрі ғаламторда отыру уақыты артты. Ал ата-аналардың тек 15%-і ғана баласын бақылайды, деп хабарлайды abaidan.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай тұжырымды Ұлттық статистика бюросы әзірледі.

Егер 2018 жылы 10-14 жас аралығындағы ұлдар әлеуметтік желілерде 1,5 сағат отырса, бес жылдан кейін бұл уақыт 1 сағат 46 минутқа дейін ұзарған. Қыздарда жағдай ұқсас: бұрын жасөспірімдер медиаға 1 сағат 18 минут, өткен жылы — 1 сағат 35 минут жұмсаған. Салдарынан дәл осы жастағы оқушылардың сабақ оқу уақыты жарты сағатқа қысқарған. Үй шаруасымен айналысу уақыты да азайып кеткен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық аймақтық бюросының ақпараты бойынша, қазақстандық жасөспірімдердің жартысына жуығы (44%) интернетті белсенді пайдаланады. Бұдан бөлек 31% жасөспірім мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы күні бойы сөйлеседі. Ал қалған 13%-і аптасына бір рет немесе одан да сирек хат жазысатын көрінеді

Жасөспірімдер арасында әсіресе TikTok және Instagram жиі қолданылады.

Былтыр сауалнамаға қатысқан төрт ересек адамның үшеуі (72,8%) баланың гаджеттерге тәуелділігі өте өзекті проблема екенін айтқан. Ал балаларын бақылайтын ата-аналар аз болып шықты. Зерттеулер нәтижесіне сәйкес, респонденттердің шамамен 15%-і ғана телефон, планшет және компьютерлерде ата-аналарға арналған бақылау бағдарламаларын пайдаланады. Бұл көрсеткіш ауыл мен қалада бірдей.

Сауалнамаға қатысқандардың 38,7%-і гаджет пен смартфондағы бақылау туралы мүлдем естімеген болып шықты.

Баласын жіті бақылайтын Ұлытау облысы, респонденттердің 64,7%-і қосымшаны пайдаланады. Ал ең аз бақылайтын ата-аналар Шымкентте, небәрі 6,7%.


#интернет, #балалар