Қ. Әбілдәқызы: “Қазақ ұлтының дүниетанымын арттыруда “үштағанның” маңызы зор”

Қ. Әбілдәқызы: “Қазақ ұлтының дүниетанымын арттыруда “үштағанның” маңызы зор”

Алматы қаласының № 40 жалпы білім беретін мектебінде "Айгөлек" балалар журналының авторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Түркі әлемі ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қымбат Әбілдәқызымен кездесу өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.

“Үштаған деп отырғанымыз - бала, ұстаз, ата-ана. Осы үшеуі арқылы ұлттың болашағы қалыптасады. Қазақ ұлтының тәрбиесі жолында, қазақ болып туғанына қуану, сол қазаққа қызмет ету турасында тамаша кездесу өтті. Осындай кездесу ұйымдастырған 40 мектептің оқушылары мен ұстаздарына алғысымды айтамын”,-деді Қымбат 

Әбілдина.Кездесуге қатысқан әжелер, ата-аналар Қымбат апайдың айтқан сүбелі әңгімелерінен, өнегелі сөздерінен мол ғибрат алды. Кездесу барысында өз ойларын, алғыстарын, жылы лебіздерін жеткізді. Бүлдіршіндер Қымбат апайымыздың әңгімелерін тамсана тыңдап, айтылған тәрбиелі сөздерімен сусындады.

 

Іс-шара соңында қазақтың біртуар тұлғаларымен адами құндылықтарды дәріптеуге арналған кездесулер жалғасы табылса деген пікірлер айтылды.


#мектеп, #Алматы, #балалар