Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкітуралы декларацияларды уақтылы ұсынуы – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуғабағытталған маңызды талаптардың бірі.
Қазақстан Республикасының «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынасәйкес, мемлекеттік лауазымға тағайындау туралыакт шығарылғанға дейін тиісті декларацияны ұсынуміндеті көзделген.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті жүргізген сыбайласжемқорлыққа қарсы мониторинг барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындадекларацияларды уақтылы ұсынбаудың 8 фактісіанықталды.
Аталған жағдайлар Абай, Аягөз жәнеЖаңасемей аудандарының жергілікті атқарушыоргандарында орын алған.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойыншатиісті шаралар қабылданды. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 272-бабы 1-бөлігіне сәйкес ескерту түріндегі әкімшілікжауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, декларацияларды қабылдау және мемлекеттікқызметке орналасу рәсімдері кезінде тиістібақылауды қамтамасыз етпеген жауапты тұлғалартәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департаменттің мәліметінше, мұндай фактілермемлекеттік қызметке қабылдау кезінде қаржылықбақылау талаптарының сақталуына және персоналдыбасқару қызметтерінің жауапкершілігіне ерекшеназар аудару қажеттігін көрсетеді.
Осыған байланысты мемлекеттік органдардадекларацияларды ұсыну мерзімдерін бақылаудыкүшейту, жауапты қызметкерлердің құқықтықсауаттылығын арттыру және мемлекеттікқызметшілер арасында қаржылық бақылауталаптарын түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрдежүргізу маңызды.
Қаржылық бақылау талаптарын сақтаумемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіпқана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ертекезеңде анықтауға және олардың алдын алуғамүмкіндік береді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Абай облысы бойынша департаменті





