Қазақстанда телевизия мен радио бір күнге өшіріледі
Қазақстанда сенбі күні, 23 желтоқсанда телевизия мен радиодан хабар тарату бір күнге жуық уақыт үзіледі. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Хабарламада 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласы уақыты бойынша) "Қазмедиаорталығының" хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау аясында барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ "Қазтелерадио" АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып, профилактикалық жұмыс жүргізетіні айтылады. "Осыған байланысты аталған уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етілетіндігі айтылған. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайтындықтарын айтқан. Айта кетейік, "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы, сайттағы ақпаратқа сәйкес, республика халқын эфирлік және спутниктік желілер арқылы теледидар және радио хабарларын тарату бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін ҚР телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор. Еске салайық, бұған дейін телевизия мен радио өшірілген алдын алу жұмыстары қараша айында жүргізілген еді.