Қазақстандағы 100% жергілікті шикізаттан шифер өндіретін жалғыз зауыт қуаттылығын арттырып жатыр
"Семей Құрылыс Материалдары" ЖШС – елдегі шифер, асбест картон және басқа да материалдардың ең ірі өндірушісі. Компания құрылыс материалдарын өндіру бойынша көшбасшылардың бірі саналады.
"Kusto Group" директорлар кеңесінің мүшесі Қанат Қопбаевтың айтуынша, өндірісте қолданылатын шикізаттың шамамен 100%-ы – қазақстандық өнім.
– Қазақстан бұл өнімді импорттамай, өз ішінде дербес өндіріп, қамтамасыз ете алады. Біздің бәсекелік артықшылығымыз – қазақстандық шикізатты пайдалануымызда. Қазіргі таңда біз қолданатын шикізаттың 99%-ы – қазақстандық өнім. Бүгінгі күні зауытта 250 жұмыс орны құрылған. Қуаттылық 100%-ға жеткенде зауыт қосымша 50 адамды жұмысқа ала алады, – деп атап өтті Қанат Қопбаев.
Өнімнің кең ассортименті мен өндірістік қуаттылық заманауи ұйымдастырушылық-техникалық деңгейге, энергия және ресурс үнемдеуші прогрессивті технологияларды қолдануға, сонымен қатар отандық және шетелдік озық тәжірибені пайдалануға негізделген.
Зауыттың өндірістік қуаты айына 1 000 тоннадан астам өнімді құрайды.
– Біз ел ішінде өндірісті ұлғайтуымыз керек, өнімді терең өңдеуге көшуіміз қажет, шикізатқа тәуелділіктен арылып, терең өңделген өнімдердің жаһандық экспорттаушысына айналуымыз керек. Бізде орасан зор транзиттік әлеует бар, оны іске асыра аламыз, – деп түйіндеді Қанат Қопбаев.
#Семей, #Абай облысы, #құрылыс