Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады

Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар 14 күн демалады, деп хабарлайды Zakon.kz сілтеме жасап abaidan.kz тілшісі. 

Наурыз айында екі ресми мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы бар.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурыз демалады. Яғни үш күн қатарынан.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 10 наурыз демалып, 9 наурыз жұмыс істейді.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 21-24 наурыз аралығында демалып, 25 наурыз -жұмыс істейді.


#мереке