Қазақстандықтардың 93%-дан астамы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген

Қазақстандықтардың 93%-дан астамы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген

Телерадио хабарларын тарату саласын дамыту бойынша биыл шекаралас аудандарда отандық радиохабар тарату желісін дамыту үшін 38 жиілікті бөлу бойынша конкурс ұйымдастырылып, өткізілді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  Қазіргі таңда Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында цифрлық эфирлік телехабар таратудың 11 Радиотелевизиялық станциясы пайдалануға берілді. 
«Жалпы, отандастарымыздың 93%-дан астамы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш одан әрі артады», - деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


#Цифрлық Қазақстан