Қазақстанның бірнеше өңірінде 42 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде 42 градусқа дейін аяз болады

2026 жылғы 16 қаңтар, жұма күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды. "Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, елдің бірнеше өңірінде температура күрт төмендеп, төрт облыста аяз күшейеді, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын мол түседі.

Ал елдің солтүстігі мен шығысында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз, аязды әрі құрғақ ауа райы сақталады.


#Ауа райы