ҚАЖ қызметкерлері 88 жасар тыл ардагерін мерекемен құттықтады

ҚАЖ қызметкерлері 88 жасар тыл ардагерін мерекемен құттықтады

 Абай облысында қылмыстық-атқару  жүйесі   қызметкерлері  түзеу  мекемесінің  ардагері   Химиш  Қожахметұлы  Абылқасымовтың жұбайы: тыл  ардагері Рымкеш Мұқышқызы Абылқасымованы  8-наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, гүл мен естелік сыйлық тарту етті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.  Ардагер-ана қызметкерлерді. 

Химиш Қожахметұлы  бұл мерекеге ерекше дайындықпен, жылулықпен қараушы еді. Сіздердің ол кісіні жоқтатпай келіп жатқандарыңыз жаныма ерекше қуаныш сыйлады. Қызметтеріңе, әріптестеріңе, жолдастарыңа әрқашан адал болыңдар, сонда құрметке лайық боласыңдар-деп ризашылығын білдірді ардагер - ана.

Химиш  Қожахметұлы  Абылқасымов қылмыстық-атқару жүйесінде 25 адал  қызмет атқарған тыл ардагері, мекеме бастығының шаруашылық сұрақтары бойынша орынбасары лауазымынан зейнеткерлікке шыққан. Отбасы бұрынғы Семей облысының әлеуметтік мәселелерін шешу жолында зор үлесін қосқан еңбеккер жандар,-деп түсіндірді мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлім бастығы Дидар Жумаханова.


#Абай облысы, #мереке, #Наурыз