Қоғамдық кеңес мүшелері Семей полигоны мұражайында болды

Қоғамдық кеңес мүшелері Семей полигоны мұражайында болды

Курчатов қалалық Қоғамдық кеңесі мүшелері экологиялық бақылау жөніндегі республикалық акция аясында Семей ядролық сынақ полигонының мұражайында болды. Олар полигонның жабылуы мен кейінгі жетістіктерінің маңыздылығына тоқталып, экспонаттармен, тарихымен танысты.

А.Мусатаева, Семей полигонының жабылуы бір дәуірдің соңы ғана емес, мемлекетіміз бен азаматтарымыздың тыныштығын, денсаулығын бірінші орынға қоятын жаңа дәуірдің басы екендігін айтты.

Ал, қоғамдық кеңес төрағасы С.С.Локштанов :«Курчатовтағы полигонның жабылуының арқасында жоғары санатты мамандар жұмыс істейтін Ұлттық ядролық орталық ашылды. Орталықтың ашылуы ғылым мен техниканың дамуына үлес қоса отырып, ядролық технологияның жетістіктерін бейбіт мақсатта пайдалануға мүмкіндік берді. Бүгін мен біздің ғалымдарымыздың күш-жігерін, қиындықтарды жеңудегі ерік-жігерін атап өткім келеді»,-деді.

Семей полигоны мұражайына бару – тарихқа көз жүгіртіп, бейбітшілікті насихаттаудағы маңызды қадам.