Көктайғақ, тұман: Бүгін ауа райы қандай болады?

Көктайғақ, тұман: Бүгін ауа райы қандай болады?

Еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болмақ. Сондықтан бүгін, 16 қаңтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.- деп хабарлайды  abaidan.kz  «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, боран соғады. Оңтүстіктің таулы жерлерінде қалың қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. 


#Ауа райы, #Қазақстан