Құқықтарыңызды қорғаудағы цифрлық көмекші: Telegram «EgovKzBot2.0»

Құқықтарыңызды қорғаудағы цифрлық көмекші: Telegram «EgovKzBot2.0»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтармен өзара іс-қимыл жасауға арналған заманауи әрі тиімді құрал Telegram-бот EgovKzBot2.0-ды ұсынады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Бұл платформа мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдану рәсімін жеңілдету және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында әзірленген.

Ботты пайдаланудың негізгі артықшылықтары:

Өтініштерді ыңғайлы форматта жолдау мүмкіндігі: смартфон арқылы мәтіндік, аудио және бейне хабарламалар қабылданады.

Ресми мәртебе аталған кері байланыс арнасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен әзірленген.

Жылдамдық және қолжетімділік: мәселелер онлайн форматта шешіледі, бұл мемлекеттік органдарға бару қажеттілігін жояды және күту уақытын қысқартады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті азаматтарға жедел кеңес беру мақсатында осы ботты белсенді түрде қолдануда.

Егер сіз өз құқықтарыңыздың бұзылуына тап болсаңыз немесе мемлекеттік қызметтерді жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз болса, EgovKzBot2.0 платформасын пайдалана аласыз.


#Құқық