Құрылысшылар күні аталып өтті
Тамыздың 2-ші жексенбісі — Құрылысшылар күні. Мереке қарсаңында облысымыздың құрылыс саласында жүрген қызметкерлерге арналған мерекелік іс-шара өтті.
Құрылыс саласының қызметкерлері Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Абай облысы әкімінің, Семей қаласы әкімінің, Құрылысшылар одағының Семей қалалық филиалы директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.
Кеш соңы Қалалық Мәдениет Сарайының өнерпаздары ұсынған концертке ұласты.