Құтқарушы күні — батырлар мерекесі!

Құтқарушы күні — батырлар мерекесі!

Жыл сайын 19 қазанда елімізде Құтқарушылар күні атап өтіледі. Бұл күнде өз өмірлерін басқаларды құтқару үшін қатерге тігетін батыр жандыларға құрмет көрсетіледі. Бұл адамдар ауыр да, жауапты міндетті арқалап жүр. Мерекеге орай, Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды. Құтқарушыларға ведомстволық марапаттар, Абай облысы әкімі атынан алғыс хаттар, Абай облысы  ТЖД бастығының мадақтамалары табысталды. Сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері де назардан тыс қалмады.

Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев қатысты, ол өз құттықтауында құтқарушылардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың жанқиярлық еңбектеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Салтанатты рәсім қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиған барлық азаматтарға құрмет көрсетілді.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Манарбек Шапағатов құттықтау сөзінде атап өтті:

«Біздің азаматтық қорғау жүйеміз кез келген қауіп-қатерге қарсы тұрып, адам өмірін құтқаруға қабілетті кәсіби, шешімді және жауапты адамдардан тұрады. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жеделдіктеріңіз және батылдықтарыңыз қоғам игілігіне әрі қарай да қызмет ете берсін!».

Сонымен қатар, әртүрлі байқауларға қатысқан қызметкерлердің балалары да назардан тыс қалмай, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар алды.

Бұл күні «Патруль» фильмінің актерлері де құттықтауларын жеткізіп, құтқарушыларға олардың мәртебелі қызметінде табыс тіледі.


#Абай облысы, #ТЖД, #құтқарушылар