Қызылордада Ұлттық құрылтай басталды

Қызылордада Ұлттық құрылтай басталды

Бүгін Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай бастау алды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Екі күнге жалғасатын келелі жиынның алғашқы күнінде төрт панельдік секция бойынша отырыстар өтеді.

Әлеуметтік-мәдени даму секциясын Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Білім-ғылым секциясын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тізгіндеді.

Күннің екінші жартысында азаматтық қоғам және экономикалық даму жайы қамтылмақ.

Құрылтайда ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелер талқыға түседі.

Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері осы күні облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралайды.


#Ұлттық Құрылтай