Мобильді аударымдар: 2026 жылданбастап не өзгереді?

Мобильді аударымдар: 2026 жылданбастап не өзгереді?

Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан мобильдіаударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшартықолданысқа енетінін хабарлайды.

Не өзгеруде?
Бұрын тек аударымдар саны— 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскенжағдайда ескерілетін. Енді қосымша талапенгізіледі,
дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек.

Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды?
Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға3 ай қатарынан әр айда:
• 100 әртүрлі адамнан ақша түссе, және
• жалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса,
онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табысбелгілері бар ретінде есептеледі.


#Абай облысы