Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр
Көрнекті ақын, жазушы Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Мұхтар Шаханов» қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ айтты,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі ADYRNA.KZ сілтеме жасап. Оның сөзінше, 84 жасқа келген қаламгер дәрігерлердің бақылауына алынған.
«Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, құрметті халайық, көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!» – деп жазды ол.