Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті
Абай облысының әкімі Наурыз мейрамы қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу ашық диалог форматында өтті.
Кездесу барысында журналистер мен редакторлар облыстың дамуы, жоспарланған жобалар мен тұрғындарды толғандырған мәселелерге қатысты сұрақтар қойды.
Өз кезегінде Нұрлан Ұранхаев кездесуде қойылған барлық өзекті сұрақтарға жауап беріп, БАҚ өкілдеріне аймақ тұрғындарын алаңдатқан өзекті мәселелерді ашық жариялайтындары үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, облыс әкімдігі БАҚ үшін әрқашан ашық екенін атап өтті. Жиында осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу ұсынылды.
Себебі, облыс басшылығымен тікелей кездесу барысында БАҚ өкілдері аймақ тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді төтесінен қойып, нақты әрі жедел жауап алып, халық арасында дұрыс ақпарат таратуға септігін тигізеді.