Қоғам 17 қаралымabaidan.kz

Облыс әкімі Семей вокзалындағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі Семей вокзалындағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

Аймақ басшысы Берік Уәли Семей теміржол вокзалындағы жаңғырту жұмысын апта сайын тұрақты түрде қадағалап келеді. Облыс әкімі бүгін нысанға барып, құрылыс барысын көрді.

Облыс әкімі Семей вокзалындағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

Қазіргі таңда вокзалда құрылыс-монтаждау жұмыстары екі ауысымда жалғасуда. Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, вокзал ғимаратының бірінші және екінші қабаттарындағы ішкі әрлеу жұмысы аяқталуға жақын. Қабырғаларды панельдермен қаптау, аспалы төбелерді орнату, жарықтандыру, желдету және байланыс желілерін тарту жалғасып жатыр. Лифтілер орнатылған. Ғимараттың сыртқы қасбетін қаптау және әйнектерін ауыстыру жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар бірінші теміржол жолының 350 метріне рельс пен шпал төселген.

Облыс әкімі Семей вокзалындағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды
Облыс әкімі Семей вокзалындағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды
Облыс әкімі Семей вокзалындағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды
Облыс әкімі Семей вокзалындағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

Аймақ басшысы мердігер ұйым өкілдеріне жұмыс қарқынын күшейтіп, жұмысшылар санын арттырып, құрылысты тезірек аяқтауды тапсырды.

«Семей теміржол вокзалы – облыс орталығы үшін аса маңызды нысандардың бірі. Құрылыс барысын апта сайын өзім келіп, тексеріп жүрмін. Тұрғындар вокзалдың тезірек пайдалануға берілуін күтіп отыр. Сондықтан жұмыс қарқынын бәсеңдетуге болмайды. Құрылысты жеделдетумен қатар, оның сапасына ерекше мән беру қажет. Аягөз қаласы мен Ақтоғайдағы темір жол вокзалдарының да құрылысын жылдамдатып аяқтап, пайдалануға беруіміз керек», – деді Берік Уәли.

Облыс әкімі Семей вокзалындағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

Қазір Семей вокзалы аумағында жаңа жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы да жүргізіліп жатыр. Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Бұрынғы жаяу жүргіншілер көпірінің орнына салынып жатқан көлік өткелінің ұзындығы – 209 метр, биіктігі – 4,5 метр. 
Сонымен қатар конкорстық өткел де салынып жатыр. Семей вокзалын қайта жаңғыртудың бастапқы жобасында конкорстық өткелді салу қарастырылмаған болатын. Облыс әкімдігінің бастамасымен жолаушылардың теміржол жолдарынан екіншісіне қауіпсіз әрі ыңғайлы өтуін қамтамасыз ету мәселесі Көлік министрлігімен және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен пысықталып, өткел құрылысын жүзеге асыру туралы шешім қабылданған болатын.