Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.
Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.
Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Скляр | – | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
|
Ерғалиев | – | Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
|
Смайылов | – | Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
|
Қойшыбаев | – | Қазақстан Республикасы
|
Жұманғарин | – | Қазақстан Республикасы
|
Мәдиев | – | Қазақстан Республикасы
|
Жиенбаев | – | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
|
Есекеев | – | Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
|
Жазықбай | – | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
|
Сәрсембаев
| – | Қазақстан Республикасының Әділет министрі
|
Қасымбек
| – | Астана қаласының әкімі
|
Ахметжанов
| – | Ақмола облысының әкімі
|
Сатыбалды
| – | Алматы қаласының әкімі
|
Ақшолақов
| – | Атырау облысының әкімі |
Байманов
| – | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
|
Есімханов | – | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары
|
Каринова
| – | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
|
Смышляева | – | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары
|
Лукин
| – | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі |
Мусин
| – | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі |
Шайымова | – | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы |




