Облыста «Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтті

Облыста «Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтті

Облыста «Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Форумға Абай облысындағы жастар ұйымдарының жетекшілері, еріктілер, белсенді жастар мен студенттік клуб мүшелері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың көрнекті жетістіктерін көру және тану, сонымен қатар өңірдегі өскелең ұрпақтың дарынды өкілдерін қолдау. Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев 7 аталым бойынша үздік деп танылған жастарды салтанатты түрде марапаттады. 

Олардың ішінде:

Жыл волонтері:

Төлеутаев Нұрлан Талғатұлы,

Тәңірберген Дильназ Даниярқызы.

Жыл көшбасшысы:

Абдураимов Алиби Батыржанұлы.

Жылдың үздік жастар ұйымы:

«Абай Жомарт жастары»;

«Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ.

Жылдың жас еңбек адамы:

Әлихан Мират Қайырбекұлы,

Головнев Иван Сергеевич.

Жылдың жас таланты:

Жақанов Баян Бағдатұлы.

Жылдың жас отбасы:

Сағатбековтер отбасы.

Жылдың үздік жастар ресурстық орталығы:

Үржар ауданы,

Абай ауданы.

Айта кетсек, марапатқа 80-ге жуық қатысушы құжат өткізді. Нұрлан Ұранхаев жастардың зор жетістіктерін атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жиын барысында би ұжымдары, вокалдық топ және «Вена балы - 2023» жеңімпаздары өнер көрсетті.


#Абай облысы, #жастар, #форум