Республика күніне орай Абай облысында 500-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарлануда

Республика күніне орай Абай облысында 500-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарлануда

Республика күнін атап өту жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабаралайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша біз Республика күнін еліміздің тарихы мен болашағын бейнелейтін ұлттық мереке ретінде атап өтуді бастадық. Ол еліміздің басты мерекелерінің біріне айналды», - деді қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.

 Мемлекеттік мерекеге дайындық жұмыстар тыңғылықты жүріп жүргізілуде. Облыста 500-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарлануда. Айдар Садырбаевтың айтуынша, іс-шаралардың барлық спектрі өңір тұрғындарының береке-бірлігі  мен  қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етуге бағытталған.  «Облыстық мерекелік бағдарлама аясында 100-ден астам қызықты іс-шара өткізілмек. Айтулы күні облыс бойынша 500-ден астам шара өткізіледі деп күтілуде», - деп атап өтті қоғамдық даму басқармасының басшысы. Мереке күндері облыста салтанатты жиындар, концерттер, мәдени-спорттық және бұқаралық іс-шаралар жоспарланған. Орталық алаңдарда, саябақтар мен скверлерде жаппай халықтық мерекелер, жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастырылады. Сондай-ақ жаңа тұрғын үйлер мен пәтерлердің кілттерін табыстау рәсімі, Аягөз қаласында көптен күткен «Алтын сақа» балабақшасының  ашылуы болады. Сонымен қатар, бұл күні семейліктерге жаңа қоғамдық кеңістік ұсынылады.

 24 қазан күні Абай  театрында Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның, «Тұмар» би ансамблінің, эстрадалық-симфониялық оркестрдің және басқа да ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт және  салтанатты жиналыс өтеді.   Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының міндетін атқарушы  Ернар Бексұлтанов  өңірдегі бірқатар жоспарланған мәдени іс-шараларды атап өтті. Оның айтуынша, Республика күніне орай 60-қа жуық тақырыптық көрмелер, әдеби кештер, өңірлік мұражайлардағы Ашық есік күндері, сондай-ақ облыс бойынша клубтар мен мәдениет үйлерінде мерекелік концерттер жоспарланған.


#Абай облысы, #мереке