Семей аумағында «Найза-Антитеррор-2024» антитеррорлық оқу-жаттығуы өтеді
2024 жылдың 28 маусымында Семей қаласының аумағында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталық атынан «Найза-Антитеррор-2024» антитеррорлық оқу-жаттығуы өткізіледі. Бұл туралы облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабына сілтеме жасап, abaidan.kz агенттігі хабарлайды. Ic-шараның мақсаты – террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау және арнайы органдарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру. Осыған орай, қала тұрғындарын жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына байланысты көлік пен халық қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтау және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Күдікті адамдар, заттар мен құрылғылар анықталған жағдайда «102» жедел арнасына хабарлау қажет.
#Семей, #Абай облысы, #оқу-жаттығу