abaidan.kz ақпараттық агенттігінің директоры жүлдегер атанды.
«Abai Media Week-2024» журналистер форумы аясында облыс әкімінің «Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарының ішінде abaidan.kz ақпараттық агенттігінің директоры Эльмира Жүрсінбекқызы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қоғамды біріктіру мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Шара барысында өңір журналистеріне, сала ардагерлеріне Алғыс хаттар, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
#Абай облысы, #журналистика, #Абай облысының әкімі, #байқау