Семей қаласы, Аягөз және Бородулиха аудандары әкімдерінің жұмыстары қанағаттанарлықсыз

Семей қаласы, Аягөз және Бородулиха аудандары әкімдерінің жұмыстары қанағаттанарлықсыз

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  Жиында су тасқынының алдын алу мәселелер қаралды. Облыстағы қазіргі жағдайға қатысты басқарма басшылары, ТЖД, сондай-ақ аудан әкімдері баяндама жасады. 

Демалыс күндері Мақаншы ауданы Бақты ауылында еріген қардың салдарынан елді мекенді су басу қаупі туындады. Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД бірлесіп су тасқынының алдын алу іс-шаралары өткізілді. 

Атап айтқанда, 370 қап төселіп, бөгет бойына 650 тонна инертті материал жеткізілді. Мақаншы ауылында еріген қар суын Биболов көшесі, 44А және Озмитель көшесі, 6 жеке тұрғын үйлерінің ауласынан шығару қажеттілігі туындады. 

Нәтижесінде 125 және 35 текше метр еріген қар суы шығарылды. Биболов, 44А мекенжайы бойынша 80 тонна, ал Озмитель, 6 тұрғын үйіне 15 қап инертті материалдары төселген. Баспаналарды су басу қаупі жоқ. 

Сондай-ақ, Семей қаласында жеке тұрғын үйлердің (Красин көшесі 104,102, Садовая көшесі 45 Б, Менжинский көшесі 28) және 5 көшенің (Щорса, Кирпичный, 3, Лодочная 2, Подгорная) аула аумақтарына қаруы жайылуы тіркелді.  Коммуналдық қызметтер жедел түрде аулаларды судан тазартып, Садовая көшесі бойындағы ұзындығы 50 метр арықты ашты.

«Төтенше жағдайлар департаментіне қала мен аудан әкімдерімен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық жұыстарын қатаң бақылауға алуды тасырамын. Барлық қауіпті аумақтарды анықтап, су тасқынын алдын алу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Қызыл су басуы мүмкін елді мекендерді ғана емес, жалпы барлық аумақты және күре жолдардың бойын жол қызметтері бақылауда ұстау қажет» -деді облыс әкімі. Сондай-ақ, отырыс барысында жол қызметтерінің көпірлер мен су өткізгіштерді тазартуды тиісті деңгейде атқарылмағаны туралы айтылды.

 Бүгінде облыс көлемінде аталмыш нысандардың үштен бірі ғана тазартылған. Ақпан айындағы аязды ескере отырып, бұл жұмыстар наурыз айының басынан басталды. Сондықтан жол қызметтеріне жұмыстарды жеделдету тапсырылды. Сондай-ақ, отырыста Семей қаласы, Аягөз және Бородулиха аудандары әкімдерінің жұмыстары қанағаттанарлықсыз екендігі айтылды. Облыс әкімі жол қызметтерінің жұмысын жеделдетуді тапсырды


#Семей, #Абай облысы, #Аягөз, #ағын су, #Бородулиха ауданы