Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 80 қаралымabaidan.kz

Семей қаласының даму бағыттары әкімдік отырысында қаралды

Семей қаласының даму бағыттары әкімдік отырысында қаралды

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және коммуналдық кәсіпорындардың жетекшілері қатысты.

Семей қаласының даму бағыттары әкімдік отырысында қаралды

Отырыста 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар қаралды.

2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Семей қаласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 236,8 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 127,5 пайызды көрсетіп, өндіріс көлемі 51 млрд теңгеге артқан.

Семей қаласының даму бағыттары әкімдік отырысында қаралды

Сонымен қатар қалада алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 13 жылу көзінде, оның ішінде ЖЭО-1, РК-1, РК-2, РК-3, «Орталық», «103–103А», «Ғаббасов», «Зооветинститут», «Дорожник», «35 квартал», «5-интернат», «АБ кварталы» және «МЭН» қазандықтарында жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 38,3 шақырымды құрайтын жылу желілерін жаңарту жұмыстары атқарылуда.

Әкімдік отырысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау мәселесіне де назар аударылды. Қазіргі таңда Семей қаласындағы 9 балабақшада 22 түзету тобы жұмыс істейді. Бұл топтарда тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру және сөйлеу қабілеті бұзылған, сондай-ақ психикалық дамуы тежелген 276 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында инклюзивті білім берумен қамту деңгейі 100 пайызды құрап отыр.

Семей қаласының даму бағыттары әкімдік отырысында қаралды

Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Әкім жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Семей қаласының даму бағыттары әкімдік отырысында қаралды
Семей қаласының даму бағыттары әкімдік отырысында қаралды
Семей қаласының даму бағыттары әкімдік отырысында қаралды