Семей қаласының май зауыты аумағында «Найза-Антитеррор-2024» антитеррорлық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Семей қаласының май зауыты аумағында «Найза-Антитеррор-2024» антитеррорлық оқу-жаттығуы өткізіледі.

2024 жылдың 28 маусымында Семей қаласының май зауыты («Qazaq-AstyqGroup» ЖШС) аумағында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталық атынан «Найза-Антитеррор-2024» антитеррорлық оқу-жаттығуы өткізіледі,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.

Ic-шараның мақсаты – террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау және арнайы органдарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

Осыған орай, қала тұрғындарын жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына байланысты көлік пен халық қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтау және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Күдікті адамдар, заттар мен құрылғылар анықталған жағдайда «102» жедел арнасына хабарлау қажет.


#оқу-жаттығу