Семей көшелері жаңбыр суынан тазартылуда
Соңғы тәуліктерде жауған нөсер жауын салдарынан, қаладағы кәріз жүйелеріне су мөлшерден көп жиналды,-деп хабарлайды Семей қаласы әкімдігіне сілтеме жасап abaidan.kz тілшісі .
Қазіргі уақытта Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мердігерлері арнайы техниканың көмегімен Селевин көшесі бойымен және сол жағалаудағы айналма жолда су сору жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін қалалықтар хабарласып, көпір астына жиналған судан өтудің мүмкін еместігін айтқан болатын.