Семей сарбаздары танкіге қарсы тұрды

Семей сарбаздары танкіге қарсы тұрды

Абай гарнизонының жас сарбаздары танкіге қарсы тұру оқу жаттығуына қатысты. Осы көктемде шақырылған сарбаздар алғаш рет қолдарына қару ұстап, автоматтан оқ атып, танкіге қарсы тұрды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жуырда қабылданған жас сарбаздар окопқа жасырынып, әскери техниканы өздерінің үстінен өткізді. Содан кейін жау танкісіне қарсы граната лақтырды.

 Тапсырманы орындамас бұрын сарбаздар шартты қарсыластың танктеріне қарсы тұрудың әдістерін меңгерді . Сондай-ақ оларға әртүрлі ұрыс жағдайында танкке қарсы гранаталарды және қару-жарақты қолдану ережелері мен тәсілдері түсіндірілді. 

Әскерге келгенімізге бір айдан асты және осы қысқа уақыт аралығында біздің нұсқаушыларымыздан көптеген нәрселерге үйрендік. Мені қарулас жолдастарым қарсылас танкін жойғаныммен құттықтады. Басында қобалжу болды, осындай зілдей техника үстіңнен өткенде үрейге жол бермей, командирлердің қоййған тапсырмасын абыроймен орындай білдік, - дейді Түркістан облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Жанболат Аман. 

Брондалған бірнеше тонналық техниканың астына жатып, оған қарсы тұруға машықтандыру, жас сарбаздардың өздеріне деген сенімділікті арттыруына өте үлкен рөл атқарады. Бұндай әсерлі жаттығудан кейін жас сарбаздар өздерін нағыз жауынгер және Отан қорғаушы сезінері сөзсіз.   


#Семей, #Абай өңірлік гарнизоны, #сарбаз