Семейде Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
ҚР Тәуелсіздік күні Семейде ел тәуелсіздігі жолында үлес қосқан батырларды еске алды.

Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды. Осыдан кейін еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалды.



Қайрат Рысқұлбеков — желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Ол адам құқықтары мен тәуелсіздік үшін күресте батылдық пен табандылықтың символына айналды. Оның ерлігі Қазақстан тарихында өшпес із қалдырып, өскелең ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналды.
#Семей, #Абай облысы, #Тәуелсіздік күні