Семейде Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті

Семейде Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Абай облысында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Биыл өңірде атаулы күнге орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Негізгі шаралар Семей қаласында өтті. 

Облыс әкімі Берік Уәли орталық алаңдағы Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты. Патриоттық шараға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, ардагерлер, әскерилер, жастар, білім, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, қала тұрғындары жиналды. Өңірдің барлық қала-аудан орталықтарында бір мезетте мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды. 

Екі мыңға жуық адам қатысқан шара барысында жергілікті өнерпаздар патриоттық әндерден концерттік бағдарлама ұсынды. Мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру ұйымдастырылды. Оған 30-ға жуық адам қатысты. 


#ҚР Рәміздері күні