Семейде үздік сарбаздар марапатталды

Семейде үздік сарбаздар марапатталды

​«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінде үздік сарбаздарды марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Әскери бөлімнің саптық алаңында ұйымдастырылған бұл іс-шара барысында арнайы дайындық кезеңінде қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар сарбаздар марапатталды.

​Іс-шара аясында өздерінің кәсіби даярлығы мен тәртібі арқылы ерекшеленген сарбаздарға «Үздік сарбаз» төсбелгісі табысталды. Бұл марапат - олардың әскери қызметтегі табандылығы мен жауапкершілігінің айқын дәлелі.

​Салтанатты шараға үздік деп танылған сарбаздардың ата-аналары арнайы шақырылып, әскери бөлім командирі атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұл - жас сарбаздардың тәрбиесі мен ел алдындағы борышын абыроймен атқаруына үлес қосқан ата-аналар еңбегіне көрсетілген құрмет.

Әскери бөлім командирі, подполковник ЕркінЖоламанов үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарды ынталандыру мақсатында оларды сейілдемегежіберді. Командир өз сөзінде әскери тәртіп пен Отанға адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.

​Салтанатты шараны Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрі әсем әуенмен сүйемелдеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара соңында ата-аналар әскери бөлім басшылығына алғыстарын білдіріп, ұлдарының қауіпсіз әрі тәртіпті ортада қызмет етіп жатқанына ризашылықтарын жеткізді.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі


#Семей, #сарбаз