Семейде «Жыл таңдауы – 2025» жастар форумының қорытынды кеші өтті

Семейде «Жыл таңдауы – 2025» жастар форумының қорытынды кеші өтті

Семей қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Семей қаласы әкімінің “Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін” «Жыл таңдауы – 2025» атты жастар сыйлығының салтанатты қорытынды кеші өтті. Үздік жастарды анықтап, олардың еңбегін көп алдында бағалауды мақсат еткен шараға қала әкімі, әкімшілік өкілдері, қала тұрғындары мен белсенді жастар қатысты.

Кеш барысында Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев құттықтау сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды. Ол жас буынның табыстарын жоғары бағалай отырып, олардың бастамалары мен еңбегі қаланың дамуына зор үлес қосатынын атап өтті. Сонымен бірге әкім биылғы жылдың үздік жастарға арналған марапаттарын табыс етті.

Жыл үздіктері мына аталымдар бойынша марапатталды:

Жас спортшы: Амина Гилимбекова және Дина Тоқтар

Жас еңбек адамы: Елдос Сейітбеков және Еркін Баянұрзаев

Медиа маманы: Маригарта Бутина және Ерасыл Кенжебеков

Үздік дәрігер: Гүлдана Аманғалиева

Білім мен ғылым саласының үздік жас маманы: Бинур Тұрысбекова

Үздік студент: Шынар Рахметжанова

Бүгінгі күннің батыры: Темірлан Амантаев

Ізгі істер иесі: Перизат Жүнісбекова

Жас мемлекеттік қызметкер: Ербол Саркучиков

Жылдың IT маманы: Павел Нестеренко

Марапат иелері жыл бойы атқарған еңбегімен, жетістіктерімен, белсенділігімен көзге түсіп, жастар арасында үлгі боларлық тұлғалар ретінде таңдалды.

Кештің мерекелік мазмұнын қалалық мәдениет сарайының өнерлі жастары толықтырды.

«Жыл таңдауы – 2025» сыйлығы – Семей жастарының әлеуетін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін нығайтатын маңызды алаңның бірі. Биылғы шара да жас буынның тың идеяларға, жаңа белестерге ұмтылысын айқын көрсетті.


#Семей, #жастар, #Семей қаласы әкімдігі