Семейде жылу маусымы 1 қазанынан басталады

Семейде жылу маусымы 1 қазанынан басталады

Семей қаласында жылу маусымы ресми түрде 2024 жылдың 1 қазанынан басталады. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жылу беру кезеңін бастау туралы Қаулыға қол қойды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен, жылу білім беру және денсаулық сақтау мекемелері сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандарға беріледі.

Айта кету керек, көп пәтерлі үйлер бірден жылуға қосылмайды. Сыртқы ауа температурасы төмендеген сайын тұрғын үйлерге жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.


#Семей, #Абай облысы, #жылу маусымы