ШҚО-да Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған семинар өтті

ШҚО-да Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған семинар өтті

Қоғамдық кеңестер азаматтардың қоғамдық шешімдер қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз етудің маңызды қызметін атқарады.

Өз қызметiнде отырыстар, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады, нормативтiк құқықтық актiлерге сараптамалық бағалау және қоғамдық  мониторинг жүргiзедi. Мемлекеттік органдарға өзекті мәселелер бойынша кеңес беретін мекеме ретінде олар заманауи ақпараттық дағдылар мен тиімді коммуникацияларға ие болуы керек.

Конрад Аденауэр қорының қаржылық қолдауымен Құқықтық медиа орталығы «Тиімді коммуникациялар: тәжірибе және заңгерлік кеңестер» тақырыбында семинар өткізді.

Тренингке қатысушылар дағдарысқа қарсы коммуникациялар, әлеуметтік желілермен жұмыс және медиа қызметтің құқықтық аспектілерін және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады. Сарапшылар табысты коммуникациялық тәжірибелердің мысалдарын ұсынды, ақпараттық тәуекелдерді басқару құралдарымен бөлісті, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері кездесетін өзекті мәселелерді қарастырды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі


#ШҚО, #қоғам