Шұғылбай ауылында тасқынның тағы бірнеше толқыны күтілуде
Көкпекті ауданындағы Шұғылбай ауылына тасқынның тағы бірнеше толқыны келуі мүмкін,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Сондықтан облыстық Төтенше жағдай қызметінің мамандары мен 60 қа жуық әскери ауыл маңын бекіту жұмыстарын жалғастыруда. Оған қоса елді мекендегі ер азаматтар күні-түні күрек ұстап бөгеттер тұрғызумен шұғылдануда. Қазір ауылға жақын маңдағы бірнеше жолдардан су асып ағып жатыр. Ал 1 мыңнан астам адам тұратын Тассай ауылдық округіне апаратын көпірді ағын шайып, қатынас үзілген. Керек заттар мен азық-түлік қайықпен тасымалдануда.
Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша, қазірде екі толқын келген . Сол ауылдың қарияларының айтуына қарағанда тағы да, екі-үш рет сондай үлкен су келеді деп күтілуде. Қауіп бар. Босаңсуға болмайды.
Жалпы Абай облысында бүгінде 3 ауылмен қатынас жоқ. Жарма ауданындағы Көшек ауылына баратын жолды ағын бұзған. Өткен күндері өңірдегі республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тас жолының бірнеше жерін де су шайған болатын. Қазір «ҚазАвтоЖол» мекемесі қатынасты толық қалпына келтірген.
Жол жөндеуші компанияның өкілі Бақытбек Мағжанның айтуынша, жолдың су шайған орындарын қалпына келтіру, су тоқтату жұмыстарымен айналысқан. Күні-түні. 20 сағаттап, екі күндеп демалмай жұмыс істеген кісілер бар көрінеді. Кейбірі әйелдері босанғанда үйіне бара алмаған. Жолдың 1,5 шақырымдайын және 1068-ші шақырымды. 1078-ші шақырымның 500 метрін шайып кеткен. Қазір жабық тұрған жол жоқ. «Омбы-Майқапшағай» толық ашық.
#Абай облысы, #Көкпекті ауданы, #су тасқыны