Шырша безендіремін деп жарақат алған мұғалімге қанша әлеуметтік көмек берілгені айтылды

Шырша безендіремін деп жарақат алған мұғалімге қанша әлеуметтік көмек берілгені айтылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлап, жарақат алған Қуат Айтқалиевке қандай әлеуметтік көмек төленіп жатқанын мәлім етті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

— Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің № 49 жалпы орта білім беретін мектебінің жұмыскері Қуат Айтқалиев 12 желтоқсанда 352 767 теңге толық жалақысын алды. 21 желтоқсанда болған жазатайым оқиғадан кейін жұмыскер Қ.Айтқалиевке мектептің бастауыш Кәсіподақ ұйымы тарапынан 50 мың теңге ақшалай көмек көрсетілді, — деп жазылған Kazinform сауалына жолданған мәліметте.

Ресми мәліметтен әзірге мұғалімнің айлығы жүріп жатқанын аңғаруға болады.

— Осы қаңтар айында жұмыскерге 100% еңбекақысы 369 893 теңге көлемінде беріледі. Онымен қоса Абай облысының білім басқармасы мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағына қарасты Абай облысының кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісім шарт негізінде 10 күннен астам стационарлық немесе амбулаториялық емдеу шығындарына 15 АЕК (59 980 теңге) көлемінде төленеді. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде 100% жалақысы төленіп отырады, — делінген министрліктің жауабында.

Еске салсақ, 22 желтоқсанда семейлік мұғалім шырша безендіру кезінде ауыр жарақат алғаны белгілі болды.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында осы мәселеге байланысты пікір білдірген болатын. 


#мұғалім, #шырша, #әлеуметтік төлем