Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.
2024 жылдың 4 маусымында Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі,- деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың түрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталуда.
Осы мақсатта автокөлік қозғалысы мен басқа да жағдайларға шектеу шаралары қарастырылған.
Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы.