Тұрғындар уақытында жылумен қамтамасыз етілуі тиіс

Тұрғындар уақытында жылумен қамтамасыз етілуі тиіс

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының жылумен жабдықтау нысандарын аралап, жылу желілерінің жай-күйін және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы П-1-ден П-4-ке дейінгі магистральдық желіні, Селевин көшесіндегі жылу желісін, ЦТП-401 орамішілік жылу желісін, ЖЭО-1-ден П-1-ге дейінгі магистральдық учаскелерге барды.

«Жылыту маусымы жақындап келеді, жұмыс қарқынын арттыру қажет. Жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы үшін әрқайсыңызға жеке жауапкершілік жүктелгенін тағы да еске саламын. Халық уақытында жылумен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді әкім.

Сондай-ақ, өңір басшысы тиісті бөлімдерге жергілікті жерлердегі жұмыстардың барысын үнемі тексеріп отыруды тапсырды. Жылу маусымына дайындық облыс әкімінің жеке бақылауында.

 

#АбайОблысыныңӘкімдігі


#Семей, #Абай облысының әкімі, #жылу, #жылу маусымы